Қаңтар оқиғаларынан кейін екі жанарынан айырылған Ермек Әбдірешов кінәсіз деп танылды

317

Қаңтар оқиғасынан кейін көзі көрмей қалған Ермек Әбдірешовке қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтады, деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.


Фото: Ермек Абдирешов

Бұл жөнінде Алматы прокуратурасына сілтеме жасаған Qantar қоры Instagram парақшасында жазды.


Ермек Әбдірешовтің ісінен де Qantar қорының адвокаттары көптеген заң бұзушылықтарды тапты. Мысалы, соқыр адамнан заңды өкілсіз жауап алынған. Сондай-ақ, физикалық тұрғыдан оқи алмайтын сәтінде жауап алу хаттамасына қол қоюға мәжбүрлеген. Айыптауды алып тастау — әлі күрестің басы ғана. Алда әлі жұмыс көп. Ермекті азаптаған полицей әлі күнге бостандықта. Ол іс бойынша куәгер ретінде өтеді. Құқық қорғаушылар оның қатысуымен азаптаудың 13 эпизодын тапты. Полицейді зардап шеккендер мен куәгерлер таныды”, – делінген мәлімдемеде.


Qantar қоры бейбіт наразылыққа шыққан және ешқандай қылмысқа қатыспаған азаматтар үшін әділеттілікке қол жеткізуді көздейді. 


Еске сала кетейік, 37 жастағы Ермек Әбдірешов қаңтар оқиғасынан кейін соқыр боп қалған болатын. Бір көзі митингтің қызып тұрған шағында көрмей қалды — ер адамның бетіне резеңке оқ тиеді. Екінші көзі— тергеу изоляторындағы азаптаудан кейін көрмей қалған.


5 қаңтар күні Ермек Алматы қаласындағы Республика алаңында бейбіт митингке шыққан. Тәртіп сақшыларыны жарық-шулы гранаталар мен травматикалық қарумен оқ жаудырған сәтте азамат жарақат алып, жансақтау бөліміне түседі. Төрт күннен кейін оны форма киген адамдар келіп, ауруханадан алып кеткен. Содан оны тергеу изоляторына апарып, тәртіпсіздіктерге қатысты деп айыптап, өзінің айтуынша азаптайды.


Жігіттің отбасы оның тергеу изоляторында отырғанын тек 19 қаңтарда ғана білген. Туыстары шу көтеріп, Ермекті тергеу изоляторынан алып шығады. Кейін Алматы тұрғынын іс бойынша жәбірленуші деп таныған.

Қаңтар оқиғасында ресми дерек бойынша барлығы 238 адам қаза тапты. Олардың алтауы азаптаудан көз жұмған.