16 жастағы жасөспірім 15 жылға сотталуы мүмкін

313
Өскемен полицейлері 16 жастағы есірткі таратушыны ұстады. Жасөспірімнің сөмкесінен ұнтақ түйілген 77 бума табылды деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ұсталған адамның тұрғылықты жеріне де тінту жүргізілген. Онда алдыңғы заттарға ұқсас 106 орама тәркіленген. Жүргізілген сараптама күдікті әзірлеген 183 орамада 26,95 грамм «Альфа-pvp» психотроптық заты және шамамен 37 грамм мефедрон сақталғанын көрсетті.

«Аталған факті бойынша ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Жас курьер-қойып кетушіні он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр», – деп жазылған Рolisia.kz таратқан хабарламада.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.