Күтуші 91 жастағы зейнеткерді ұрып-соққан

1 506

Фото: Видеодан скриншотСемейде 91 жастағы қарт әйелге қарайтын күтушінің кейуанаға зорлық көрсетіп, қорлап жатқан сәт видеоға түсіп қалған,- деп хабарлайды Оpennews.kz  ақпарат агенттігі.

Оқыс жағдай 2 маусым күні болған. Күтушінің адалдығына күмәнданған әйел оның әжесіне қалай қарайтынын тексеру үшін әжесіне жалданған күтушінің қалай қарайтынын тексеру үшін жасырын камера орнатқан. Видеоға түсіп қалған кадрлар әлеуметтік желі мен Telegram арналарына тарап кеткен.

Бейнежазбадан жалданған қызметкердің өз міндетін дұрыс орындамағанын, тіпті қорғансыз қарияны ұрып-соғып, қорлап жатқанын көруге болады. Ол кейуанаға балағат сөздер айтып, дөрекі сөйлеп, жұлқылаған.

“Неге жөргекке жіберіп қойғансың? Неге өзің сұранбайсың? Аузыңды аш! Қазір тағы ұрамын! Аш аузыңды”, – деп күтуші дауыс көтеріп, бұйыра сөйлеген.

Абай облысы полиция департаменті видеоны зерттеген. Алайда бастапқыда күтушінің әрекеттерінен қылмыстық құқықбұзушылық құрамы немесе соққы жасау бабы байқалмағандықтан, жағдай қорлау ретінде ғана сараланған. Ведомствоның мәліметінше, аталған құқықбұзушылық жеке айыптау істері санатына жатады.

“Осыған байланысты жәбірленуші тарапқа кінәлі адамды заңда белгіленген жауапкершілікке тарту үшін сотқа жүгіну тәртібі түсіндірілді. Абай облысы полиция департаменті бұл мәселені бақылауда ұстап отыр. Қарт адамдарға қатысты қадір-қасиетін қорлайтын кез келген әрекетке жол берілмейді", – делінген хабарламада.