Пара алған командирлер сотталды

1 378

Фото: freepik.comАқмола облысында ТЖМ  курсанттары оқытушыға пара берген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Курсанттар взвод командиріне қажетті баллды жинау үшін 5000 теңгеден берген. Аталған взвод командирі басқа әріптесімен бірігіп, «атақ» үшін тағы 267 мың теңге пара алғаны анықталды. 

Тағы бір командир ер адамнан ұлының академияға түсуі үшін 2,5 млн теңге талап еткен. Тергеу басталғаннан кейін ол бұл ақшаны қайтарды.

Сот бірінші командирді үш жарым жылға бас бостандығынан айырды. Екінші командир параның 10 пайыз сомасында айыппұл арқалады. Олардың барлығы атақтарынан және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Пара берген кәмелетке толмаған курсанттарға да айыппұл салынды. Айыппұл сомасы сотта жарияланған жоқ.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.