Конституцияда орыс тілін қалдыруды талап еткендер саны 60 мыңнан асты

500
«Қазақстанның Конституциясында орыс тілінің мәртебесін қазақ тілімен тең дәрежеде қалдыруды талап етеміз»! Осы петицияны қолдап дауыс бергендердің саны 63 634 адамға жетті (13 мамыр сағат 09.48-де). Қарсы дауыс берген адамдардың саны – 101 457 адам, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Петиция 8 мамыр күні сағат кешкі 22.00-де жарияланған.

«Қазақстанның Конституциясында қазақ тілімен тең дәрежеде орыс тілінің мәртебесін қалдыруды талап етеміз!» - дейді хат авторы.

Петицияны Княжнева Алекса Эдуардовна атты азаматтың жарияланғаны жазылған.

«Жаңалықтар ресурсына аталмыш петиция туралы хабарлаңыз. Осылайша, қоғамдық резонанс туғызып, билік назарын осы проблемаға бұра аламыз», - дейді ол.

Петицияға қарсы дауыс беруге де болады. Ол үшін «Я против петиций» деген батырманы басу керек.

Петицияға мына сілтемеге кіріп дауыс беруге болады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.