Өрт сөндіру көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысты: бір адам қаза тапты

1 509

Фото: almaty.tvАлматыда өрт сөндіру көлігі мен Toyota Camry автокөлігі соқтығысып, жеңіл көлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Жол-көлік оқиғасы түнде Әуезов пен Тимирязев көшелерінің қиылысында болған, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт сөндіру көлігі Тимирязев көшесімен шығыс бағытта арнайы шақыртуға бара жатқан. Ал Әуезов көшесімен төмен қарай қозғалған Toyota Camry бағдаршамның жасыл түсіне өткен.

Куәгерлердің айтуынша, соқтығыс салдарынан арнайы техника жеңіл көлікті бірнеше метрге сүйреп, бағдаршамды құлатқан.

«Алдын ала мәліметтерге сәйкес, өрт сөндіру көлігі шақырту бойынша арнайы жарық және дыбыс сигналдарын қосып, оқиға орнына бара жатқан. Қиылыстан өту кезінде жеңіл автокөлікпен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Оған медициналық көмек көрсетілгенімен, өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Ал арнайы көліктің жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді», – деді Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Қазір полиция жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.