Тістеп сүйреткен. Қызылордада ойнап жүрген балаларды иттер талап тастады

851

Қаладағы Бәйтерек ықшам ауданында үш жеткіншекті қабаған қаңғыбас иттер жабылып талаған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.


Қазір ықшамаудандағы қаңғыбас иттердің көптігінен тіпті ересек тұрғындар да үйден шығуға қорқып қалған.

Осыдан үш күн бұрын күндізгі уақытта 9 жастағы бала далаға ойнауға шыққан. Сол сәтте бірнеше қаңғыбас ит жалғыз жеткіншекке шибөрідей жабыла кетеді. Киімінен тістеп сүйрете жөнеліпті. Оны жеткіншектің достары көріп, тас лақтырып иттерді қуа бастайды. Алайда қаңғыбас иттер қарсылық танытқан балаларға да шапқан. Төрт аяқтылар үш баланың денелерін тістеп, әбден жарақаттапты.

"9-дағы баламды тістеп алып, сүйреткен. Ол не деген күшті ит? Мынау сұмдық қой. Қазір далаға шығуға қорқамыз. Ит ататындар неге атып тастамайды?"— дейді жеткіншектің анасы Елена Сорокина.

Тапа-тал түсте де адамдарға шабуыл жасайтын қаңғыбастардандан зәрелері ұшқан тұрғындар құзырлы орган өкілдеріне шағымданғандарын айтады.