«Денесі 4 сағат жолда жатты»: 14 жасар қызды қағып кеткен жүргізуші қашып кеткен
Қайғылы жағдай 17 қазан күні сағат 21:00 шамасында болған. Қыз серуеннен үйіне қайтып келе жатып, жолдан өтпек болған кезде көлік астына түскен, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Қарағанды облысының Петровка ауылында 14 жастағы Ангелина Поганьконы көлік қағып, ол оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші оқиға орнынан кетіп қалған.
Ауыл тұрғындарының айтуынша, бұл аумақта жарықтандыру мен жаяу жүргіншілер өткелі жеткіліксіз, ал бейнебақылау камерасы жұмыс істемейді. Оқиғаны естіген жергілікті тұрғындардың бірі күдікті көлікті қуып жетіп, мемлекеттік нөмірін жазып алғанын және полицияға хабарлағанын жеткізді.
Марқұмның туыстары жүргізуші оқиға орнына біраз уақыттан кейін қайта оралғанымен, әлі күнге дейін кәсібін жалғастырып жүргеніне наразылық білдірді. Қыздың әжесі Ангелинаның денесі жолда төрт сағат жатқанын айтып, тергеудің созылып жатқанына алаңдаулы екенін жеткізді.
Қаз
Рус






