Балаларды суицидке итермелейтін 15 мың сайт пен сілтеме бұғатталды

1 145

Фото: pixabay.comБалаларды суицид жасауға итермелейтін 15 мың сайт пен сілтеме бұғатталған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бас прокурор балалардың өзіне қол жұмсауы қоғамда резонанс тудырғанын айтты.

Бұл жағдайды еліміздің Бас прокуроры Берік Асылов балалар арасында өз өзіне қол салу дерегінің жиілеп кетуіне байланысты жасаған мәлімдемесінде айтты.


«Балалардың өзіне қол жұмсауы қоғамда резонанс тудырды. Прокурорларға әр фактіні тергеуді ерекше бақылауды тапсырдым. Жалпы әлеуметтік желі балалардың суицид белсенділігіне әсер ететіндіктен, прокурорлар 15 мың зиян сайт пен сілтемені бұғаттауға қол жеткізді. Тұрмысы ауыр отбасылармен жұмыс істеп жатырмыз. Мемлекеттік органдармен суицидтің алдын алу үшін шұғыл шара кешенін әзірлейміз», - дейді ҚР Бас прокуроры Берік Асылов.