Кір жуғыш машинаны қарасора өсіруге пайдаланған ер адам ұсталды

1 505

Фото: ©Видеодан скринШығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында полицейлер есірткі құрамды өсімдіктерді заңсыз өсіру дерегін анықтады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

Таврическое ауылындағы жеке тұрғын үйден қолдан ұйымдастырылған есірткі плантациясы табылған. Тергеу мәліметінше, 41 жастағы ауыл тұрғыны интернет арқылы қарасора тұқымдарын сатып алып, оларды өсірумен айналысқан. Есірткі өсімдіктерін күтіп-баптау үшін ол ескі кір жуғыш машинаны қолдан жасап, шағын жылыжай ретінде пайдаланған.

"Тінту барысында Шығыс Қазақстан облысы пролиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Ұлан аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері 34 түп қарасора өсімдігін, есірткі тұтынуға арналған құрылғыны, сондай-ақ гараждан кептірілген есірткі затының ірі көлемін тәркілеген. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген өсімдіктердің барлығы қарасора (каннабис) болып шыққан. Оның жасыл күйіндегі жалпы салмағы 50,94 граммды, ал кептірілген марихуананың салмағы 16 келіні құрады. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде".

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.