Боран кезінде тас жолға шыға алмаған халық жаппай пойызға мінген

1 346

Фото: Жолаушылар тасымалыДемалыс күндері ауа райы мінез танытқан солтүстік және орталық өңірлерде 700-ден астам адам көліктерін тастап, пойызға мінген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлағандай, Сарыбель, Макинка, Елтай, Ақкөл, Екібастұз, Ерейментау және Бурабай станцияларында бас-аяғы 700-ден астам адам пойызға мінген.«Компания жолда қалған адамдарды пойызбен әлі де тасып жатыр», - деп хабарлайды компания.

Естеріңізге сала кетейік, 3 қаңтар күні Астана-Петропавл тас жолында 100-ге жуық көлік соқтығысқан. Ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілер Астана-Бурабай арасында 7 сағат жол жүрген. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.