Отырғызылған 120 млн ағаш қурап қалды - Депутат

2 594

Сенат депутаты Нұрлан Бекенов Қазақстан аумақтарын көгалдандыру қарқыны төмен, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Кazinform-ға сілтеме беріп.


Сенатор Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2025 жылға дейін бүкіл еліміз бойынша 2 млрд ағаш отырғызу қажет екенін атап өтті. Мәселен, 2021 жылы 138 млн ағаш, 2022 жылы 280 млн дана ағаш отырғызылды, ал биыл 409 млн ағаш отырғызу жоспарланған. Алайда, депутат көшеттердің ары қарай тамыр жайып кету көрсеткіші 70 пайыз шамасында деп алаңдап отыр. Яғни әрбір үшінші бұта тамыр жая алмай, қурап қалады.


"Осы ретте, 409 миллион көшеттің кем дегенде 120 миллионы тамыр жая алмайды. Бұл бюджет қаржысын тиімсіз жұмсау екені белгілі болып отыр. Сондықтан бюджет шығынын азайту керек. Өсімдіктердің тіршілігіне бақылау және талдау неге жүргізілмей жатыр? Мониторингінің, өсімдіктерге күтім жасаудың және суарудың заманауи жүйесі неге орнатылмаған? Бюджет қаражатын тиімсіз жұмсағаны үшін жауапкершілік қайда?", – деп сұрады Н. Бекенов.


Бұдан бөлек сенатор ағаштарды кесу, қасақана от қою, сондай-ақ орманды жерлерді заңсыз басып алу және пайдалану, орман алқаптарында үйлер мен басқа да құрылыстарды салу проблемасына назар аударды. Сондықтан ол ормандар мен курорттық аймақтардағы барлық ғимараттар мен құрылыстарды тексеруді ұсынды.


"Өсімдіктер мен ағаштарды өсіру, сондай-ақ оларға күтім жасау тәсілдерін қайта қарау керек деп санаймын. Көшет отырғызатын мердігерлік ұйымдарға ағаштарды одан әрі міндетті түрде күтіп-баптау мен жай-күйіне мониторинг жасау және ол туралы есеп беру тәртібі бекітілсін. Бұл міндет қызмет көрсету шартында көрсетіліп, оларды орындамағаны үшін жауапкершілік туралы талаппен бірге жазылуы керек", – деді сенатор.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.