Белгісіз әйел мүгедек зейнеткерге сірке суын шашып бағалы бұйымдарын тонап кеткен
Атырау облысының Қосшағыл ауылында белгісіз әйел ІІ топтағы мүгедек зейнеткердің үйіне баса-көктеп кіріп, оның бетіне сірке суын шашқан, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Оқиғадан кейін күдікті үй ішіндегі алтын әшекей бұйымдарын ұрлап, оқиға орнынан қашып кеткен.
Полиция қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру шараларының нәтижесінде қылмыс жасады деген күдікпен 55 жастағы әйел анықталып, ұсталды. Ол қазіргі уақытта полиция бөліміне жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жәбірленушіге дер кезінде медициналық көмек көрсетілді. Дәрігерлердің айтуынша, оның өмірі мен денсаулығына еш қауіп жоқ, қажетті ем-домнан кейін үйіне шығарылған.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша күш қолдану арқылы тонау бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.







