"Қандай ырым?" Жаңа келіннің етегін балтамен ұрған әйел жұртты шошытты

431
Фото: видеодан скриншотЖаңа түскен келіннің етегін балтамен ұрғылап, ырымдаған әйелдің әрекеті қызу талқыға түсті.
Тіпті жұрт бұл бейнежазбаны қатты сынға алған, деп хабарлайды Экспресс К.

Келінін балтамен ырымдаған әйелдің әрекеті Іnstagram-да тарады. Бейнежазбадан қыз баланы төсекке отырғызып, көйлегінің етегін балтамен ұрып шыққанын көресіз. Мұнан кейін етегіне уыстап белгісіз зат шашады.


Бұл қандай ырым? Білетіндеріңіз бар ма?деп жазылған бейнежазбаға.


Аталған видеоға жазылған пікір көп. Бірі қатты сынға алса, енді өзгелері бұл әрекетті мазаққа айналдырған.

"Неге қуып кеттіңдер? Қазақта мұндай ырым болған емес", "Еріккендер күн сайын жаңа ырым ойлап табатын болды", "Ауыр темірмен бастырып, шегелеп, шынжырлап қойсаң да, кететін келін амалын табады", "Бұтыңа берік, күйеуіңе адал бол дегені шығар",— деген жазбаларын қалдыруда желідегі жұрт.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.