"Әйелдің тілі ұзын": Депутат тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа әйелді кінәлады

1 626

Фото: ашық дерек көзіМәжіліс депутаты Әнас Баққожаев тұрмыстағы жанжалға әйелдер кінәлі деп, соларға айып тақты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев әйелдер құқығын және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң жобасын қолдайтынын айтты.


"Ұсынып отырған заң жобасын қолдаймын. Әйелге қол көтеру - ең байғұс еркектің ісі. Дегенмен де ұрыстардың бәрі мына ұрудан шықпайды ғой. Ерлерді де кішкене түсінуіміз керек. Басында жанжал туындайды, сол жанжал неден туындайды? Әрине, әйелдің тілінің ұзындығынан. Әйел адамдар кешірсін мені. Бірақ ондай да фактілер бар. Қазақтың сөзі бар. "Жақсы әйел ырыс, жаман әйел ұрыс" дейді. Болмаса "елге жаққан әйел ерге де жағады" дейді міне. Біз кішкене қазақылықтан, қазақы тәрбиеден алшақтап бара жатырмыз, өкінішке қарай", - деді ол .



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.