Аз қамтылған отбасы кепілдендірілген әлеуметтік көмекке зәру
2 615

Мемлекет тарапынан аз қамтылған бір немесе одан да көпбалалы отбасылар атаулы әлеуметтік көмекке жүгінуіне болатындығы баршаға мәлім. Атаулы әлеуметтік көмектің ай сайынғы үш айға тағайындалған жәрдемақы мен қатар кепілдендірілген азық-түлік тағайындалады. Сонымен қатар бүгінгі күні шартты және шартсыз деп бөлінетін көмектің кедейшілік шегі адам басына шаққанда 25 548 теңгені құрайды.
Айта кететін жағдай бүгінгі күні қызылордалық бір топ аз қамтылған отбасы мүшелері 3-ай бойына әлеуметтік көмектің кепілдендірілген азық-түлігін ала алмай жүрміз деп хабарласқан болатын. Мәселенің мән-жайын анықтау үшін арнайы Қызылорда қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысына хабарласқан болатынбыз:
«Қазіргі таңда кепілдендірілген әлеуметтік көмек берілмеуі тендр мәселесіне байланысты болып отыр. Жыл басы болғандықтан әлі күнге дейін мемлекеттік сатып алудың заңнамасына сәйкес жеңімпаз анықталмағандықтан кешігулер орын алып отыр. Алайда үстіміздегі айдың соңына дейін берілмеген 3 айдың азық-түлігі толығымен берілетін болады. Оның ішіне 2 айдың азық-түлігі және де химиялық заттар толығымен қамтамасыз етіледі»,- деді Құракбаева Кенжегүл Кұрақбайқызы.

АЙГЕРІМ РАХЫМЖАНҚЫЗЫ