Түркістанда жолаушылар пойызы рельстен шығып кеткен
1 522
Түркістан облысында жолаушылар пойызы рельстен шығып кеткен,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ мәліметінше, оқиға 16 маусым күні Шиелі – Түркістан аралығындағы учаскеде болған. Саратов – Алматы бағыты бойынша қатынайтын №7/8 жолаушылар пойызының бір вагоны рельстен шығып кеткен.
"Оқиғаның салдарын жою және қозғалысты қалпына келтіру үшін оқиға орнына жедел түрде қалпына келтіру пойызы жіберілді", – делінген хабарламада.
"Оқиғаның салдарын жою және қозғалысты қалпына келтіру үшін оқиға орнына жедел түрде қалпына келтіру пойызы жіберілді", – делінген хабарламада.
Жолаушыларға медициналық көмек ұсынылғаны, алайда олардың көмектен бас тартқаны атап өтілген. Жолаушыларды тасымалдау үшін қосымша пойыз тағайындалып, жолаушыларды отырғызу және жөнелту жедел ұйымдастырылған.
Тағы да оқыңыздар

Әскердегі тағы бір өлім
1 521
Қаз
Рус





