"Елдің еті үйреніп қалған". Торғай даласына ракета бөлшегі құлады
Оны жергілікті тұрғындар суретке және видеоға түсіріп алып, әлеуметтік желілерге таратып жатыр, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Kommersant.ru мәліметінше, "Союз-2.1б" зымыраны Байқоңыр ғарыш айлағынан 9 тамыз күні сағат 08:52-де ұшырылған.

Жангелдин ауданы аумағына түскен ракета бөлшегінің суреті мен видеосын жергілікті тұрғындар мессенджерлерде белсенді таратып жатыр. Олардың айтуынша, бөлшектің құлауынан далада пайда болған өртті сөндіруге көршілес Амангелді ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері шақыртылған.
Айта кетейік, осыдан бірер күн бұрын ғана Нұрман Емберген есімді Facebook тұтынушысы ракета қалдықтарының Ақкөл ауылы маңына құлағаны туралы жазған еді.
Қаз
Рус






