"Маған инопланетяндар сияқты қарайды"

439
ШҚО тұрғыны Мұрат Мұсатаев 2003 жылы Германияға отбасымен көшіп, бір жылдан кейін жалғыз өзі елге оралған. Содан бері ол өзін туған елінің азаматы ретінде сезіне алмай келеді - деп хабарлайды "Opennews.kz"ақпарат агенттігі Хабар 24 телеарнасына сілтеме жасап.

 Мұрат Мұсатаев Көкпекті аудандық көші-қон полициясының табалдырығын  тоздырып, 18 жыл бойы  азаматтығынын ала алмай жүр.

Маған инопланетяндар сияқты қарайды, мән бермейді. Былай істеңіз, былай істеңіз деп қоя береді, болды. Маған азаматтық, зейнетақы керек, басқа түк те керек жоқ", - дейді Көкпекті ауданының тұрғыны Мұрат Мұсатаев.

ШҚО тұрғыны елге келгелі жөнді жұмысқа да орналаса алмаған. Біреудің малын бағып, қорасын салып нәпақа табады. Қазір созылмалы ауруы меңдеп, денсаулығы сыр берген. Толыққанды ем қабылдау үшін ақы төлеу керек. Өйткені азаматтығы жоқ.

"Егер қабылдасақ, әрбір жарықшамға, төсек-орынға, бәріне төлейсіз дейді", - дейді Мұрат.

 Ер адам Қазақстанда екінші рет отбасын құрған. Алайда, азаматтығы болмаған соң ресми некеге де тұра алмаған.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.