Жол ережесін бұзған полицейдің реакциясы хит болды
Әлеуметтік желіде Бішкекте полиция қызметкерінің қауіпсіздік белдігін тақпаған сәттегі реакциясы қызу талқыланды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпараттық агенттігі.
Видеоны жергілікті блогер Максим Золотых түсірген. Ол Қырғызстан мемлекеттік нөмірі бар көлікте белдіксіз отырған ішкі істер министрлігінің қызметкерін тосқауылдан өткен сәтте видеоға түсіріп алады.
«Мені неге түсіріп отырсыз дейсіз бе? Сіз жол жүру ережесін бұзып отырсыз. Қандай екенін айтайын ба – белдікті тақпапсыз», – дейді блогер.
Алғашында абдырап қалған полиция қызметкерінің көзқарасы мен әрекеті желі қолданушыларының назарына іліккен. Ол қауіпсіздік белдігін тақпағанын естігенде, мойнынан ауыр жүк түскендей, күліп жібереді.
Бейнежазба астына түрлі пікірлер жазылған.







