"Ақымақ, мисыз": Желіде мұғалімнің оқушыларға балағат сөз сөйлеп, жөнсіз қылық көрсеткені түсірілген видео тарады

1 565

Фото: Видеодан скриншотӘлеуметтік желіде мұғалімнің оқушыларға жөнсіз қылық көрсетіп, балағат сөздер айтқаны түсірілген видео тарады. Кадрлардан мектеп ұстазының балалармен сөзге келгенін көруге болады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, оқиға Алматы облысы Шонжы ауылындағы мектептердің бірінде болған. Интернетте тараған видеода мұғалімнің оқушыны итеріп, ұялы телефонға түсіріп тұрғанын байқауға болады.

Сондай-ақ мұғалім балаларды "ақымақ" және "мисыз" деп атайды. 

Ата-аналар мұндай шабуылдар одан да ауыр әрекеттерге ұласып, балаларының өміріне қауіп төне ме, деп алаңдап отыр. Олар облыстық білім басқармасынан жан-жақты тексеру жүргізуді талап етті. 

№1 Шонжы мектеп-лицейінің басшылығы мен Алматы облысы Білім басқармасының Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінен ұстаздың әрекетіне түсініктеме беруін сұраймыз.

Бұл оқиға әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті. Желі қолданушылардың пікірі екіге бөлінді.


“Мұндай әрекет мұғалімге жараспайды”, “Балалармен жұмыс істеу кезінде этикалық нормаларды қатаң сақтау қажет”,  “Керісінше қазіргі заман балалары өзін-өзі ұстай алмайды. Тіпті мұғалімдерге оқушылармен жұмыс істеу қиынға соғып барады”, – деп жазды желі қолданушылары. 


"Видеодағы 7 "Е" сыныбының сағаттары басқа дене шынықтыру пәні мұғаліміне берілді. Мектеп әкімшілігі жағдайды бақылауда ұстайды. Аудандық білім бөлімі бұл деректі тексеру үшін арнайы комиссия құрды. Мектеп әкімшілігі аудандық білім бөлімімен бірлесіп 2024-2025 оқу жылында Искандеровамен профилактикалық жұмыстар жүргізді. Осы оқиғаға байланысты аудандық білім бөлімі бұл мәселені Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесте қарау үшін Алматы облысының білім басқармасына хабарласты", – делінген хабарламада.