Ер адам отбасылық жанжалдан кейін өзін өртеп жіберді
Атырау облысында ер адам отбасылық жанжалдан соң үстіне бензин құйып, өзін өртеген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Мақат ауданының Доссор кентінде орын алып, видео әлеуметтік желілерде тараған. Кадрлардан куәгерлер ер адамға қар лақтырып, отты сөндіруге тырысқанын байқауға болады. Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы келген.
Атырау облысы полиция департаментінің айтуынша, өзіне қол жұмсау әрекетінің себебі – отбасылық-тұрмыстық жанжал. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы ("суицидке дейін жеткізу") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.