"Байларың мені тойдырып қойып па еді?!" - білім беру орталығының директоры

1 691

Әлеуметтік желіде Шымкенттегі Қосымша білім беру орталығы директорының жиналысынан үзінді видео тарап жатыр, -  деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Желідегі ақпаратқа сүйенсек, орталық директоры Гүлнара Ахметбекова қарамағындағы қызметкерлерге бейәдеп сөздер айтып, этиканы бұзған.


"Мен сендерді байларыңнан зорлап алып келдім осы жерге жұмысқа. Ұялмайсыңдар ма, ұятсыздар. Маған келіп алып, "байым үйтіп жатыр, байым бүйтіп жатыр", не байларың мені тойдырып қойып па еді?! Ұялмайсыңдар, ұятсыздар. Екіншілей біреуіңнің семья жағдайларың туралы айтатын болсаңдар, айтпай-ақ қойыңдар. Жүдә кете салыңдар. Премиальный тағайындайын деп жатырмын. Бұрыннан істеп келе жатқандарға... жаңадан істеп келе жатқандарға не положено. Ал бұрыннан істеп келе жатып, жайраңдап, еще маған тайраңдап, маған сөз қайтарып, әркіммен ұрысып, менің бермеуге правам бар! Акт составить етемін. Мінез-құлықтарыңды жазамын, 5-6 адам актіге қол қоямыз. Менің премиальный бермеуге мүмкіндігім бар. Баратын жерлеріңе бара беріңдер! Түсінікті ме? Оң құлақтарыңмен тыңдап алыңдар. Менің сендердің солай айтып жүрген ауыздарыңнан басқа жерім таза. Артым таза сол сендердің ауыздарыңнан. Ұятсыздар! Мені білмейді дейсіңдер ме? Менің пока печать қолымда тұрғанда, мен пока басшы кезімде дегенімді істеймін. Ешкімді тыңдамаймын, басқарма басшысы болса да, әкім болса да, прокурор болса да, сот болса да, маған бәрібір. Мен де осы жерде жайдан-жай отырған жоқпын. Менің де таныстарым жетеді. Мен өсірсем, өзімнің өсіретініме де, өшірсем өшіретініме де жауап бере алатын адаммын. Бөлім басшысын егер надо будет жаңадан келген адамдарға, егер маған ұнап жатса, оның жастығына да, бастығына да, бірінші жыл келгені де қарамаймын. Осы жерге қоямын бастық қылып. Түсінікті ме? Оны мен шешемін. Мен тапсырма беремін, ол орындайды. Ол бөлім басшысы болады. Түісінікті ме? Ауыздарыңды, тілдеріңді жұлып аламын", - дейді видеода бір әйел.


Әлеуметтік желіде бұл видео қызу талқыға түсіп жатыр. Көпшілік егер видеодағы адам, шынында да, орталық директоры болса, педагогтің әдебіне жатпайтынын айтқан.

@azimbaud4oe

МАКСИМАЛЬНЫЙ РЕПОСТ! БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫНДА СҰМДЫҚ ЖАҒДАЙ😱😱😱 ҰЯТ БЕТ ЖОҚ #рекомендации #реки #байларыңменітойдырыпқойыппеді? #артымтаза #ұятсыздар #ұятсыздарай #ауызданартытаза #рек #рекомендации❤️

♬ оригинальный звук - Байларың мені тойдырып қойды

"Артық боп кетті прокурор, білім басшысы, сот келсе де дегені, кейбір сөздері тым артық енді", "Қалай директор болып отыр", "Орнын босатсын", "Сонда тек таныстары барлар ғана отыра ма?", "Осыларды педагог дейді-ау", "Ссы басшылар неге бейәдеп сөйлейді екен", "Абайламай сөйлеген ауырмай өледі деген осы ғой", - дейді олар.


Бұл мәселеге Шымкент қалалық Білім басқармасы өкілі пікір білдіріп, орталық басшысы қазір денсаулығына байланысты жұмыста емес екенін мәлімдеді.


"Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты Қосымша білім беру орталығы басшысына байланысты әлеуметтік желіде жарияланған материалдарға тиісті зерделеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазір орталық басшысы денсаулығына байланысты демалыста екенін мәлімдейміз", - делінген басқарма жауабында.


Сонымен қатар, ведомство өкілдері алдағы уақытта толық мәлімдеме жасалатынын айтты.


Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде жиналыста қызметкерлеріне 1,5 сағат бойы былапыт сөз айтқан әкімнің аудиосы тарағаны хабарланды.