Сотты болған экс-әкім аштық жариялады
Жерді заңсыз сатқаны үшін сотталып жатқан Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі Ермек Имантаев аштық жариялады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Бұрынғы шенеуніктің тамақ пен судан бас тартқанына – жетінші күн. Имантаевтың денсаулығы сыр беріп, сот процесіне қатыса алмайды.
56 жастағы Ермек Имантаев басқа біреудің мүлкін иемденді немесе ысырап етті деп айыпталуда. Тергеу мәліметтері бойынша, Ақтөбе облысының экс-әкімі элиталық ауданда жер учаскесін заңсыз сатты. Бұл жағдайда жер бағасы кадастрлық құннан төмен болды. Залал 100 миллион теңгеге бағаланады.
Имантаевтың өзі кінәні жоққа шығарып, істі қосымша тергеуге қайтаруды талап етеді. Ол аймақты 2002-2004 жылдары басқарды. Көптеген жанжалдардан кейін әкім қызметінен кетті. Кәсіпкерлер оның үстінен шағымданды. 2019 жылы ол Ақтөбеге оралып, жергілікті ӘКК басшысы лауазымына оралды. Дәл сол кезде ол заңсыз мәміле жасады деп айыпталды.