Әділдік іздегендер оң нәтижеге қол жеткізді

851
Естеріңізде болса,  біздің ақпарат агенттігі «Айлықсыз 595 отбасы және Қызылорда су жүйесіндегі былық» атты проблемалық мақала жариялаған болатын. Нәтижесінде орын алған олқылық жөнге келіп, шағымданушылардың аударым төлемдері толық ретке келтірілді. 

Халықтың көтерген жанайқай мәселесіне «Opennews.kz» ақпарат агенттігінің білікті заңгер-кеңесшісі, сот ісі саласының ардагері Молдабек Ахметов пен білікті заңгер Бауыржан Аманбаев араша түсіп, елеулі үлес қосты. 

Әділдік іздеген жанның бірі  Ербол Алтайбаев: «Қызылорда Су Жүйесі» кәсіпорны бірнеше айдан бері жалақымды кешіктіргендігі және зейнетақы төлемдерінің аудармағандығын көтерген едім. Аллаға шүкір, менің мұң-мұқтажыма дер кезінде  қаламыздың білікті кәсіби сот саласының майталманы Молдабек Ахметов пен Бауыржан Аманбаевтың қол ұшын беріп заңгерлік көмек көрсетті»,- деген арнайы жазбасын желідегі парақшасына қуана жариялады.

Нәтижесінде, Қызылорда облысы еңбек саласындағы бақылау басқармасының жүргізген тексерулері негізінде, жұмыс беруші

«Қызылорда Су Жүйесі» кәсіпорны 2020 жылдың наурыз айы мен 2021 жылдың қыркүйек айы аралығында жалақының кешіктірілгендігі анықталған. 
Қызылорда су жүйесінің біздің салған сұрауымызға арнайы түрде жауапты: «Мекеменің жұмысшылар мен қызметкерлеріне жалақы беру жөнінде бүгінгі таңда қарызы  жоқ   екенін білдіреміз», -деп хабарлаған болатын. Берілген жауаптары шынайы деп сенеміз.