ОРТАЛЫҚ АЛАҢ АШЫЛДЫ

1 592

Фото: Ақмешіт апталығыБүгін Қызылорда қаласындағы орталық алаң ашылып, жұртшылықтың кешкі демалыс уақытында серуендеуіне қолайлы жағдай туды. Алаңдағы жаңашылдықтарға қала тұрғындары мен қонақтары ризашылық білдіруде, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Айта кетейік, өткен жылы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес аймақтың бас қаласын көркейтуге ерекше маңыз беріліп, игілікті істің бірі орталық алаңда бастау алған болатын. Жоба бойынша алаңға субұрқақтар, қиыршық тас, жолжиек тас төселіп, жарық диодты шамдар қойылып, газон, көпжылдық жасыл көшеттер отырғызылды. Сонымен қатар, шағын архитектуралық пішімдемелер қойылды. 

Мұнда жаңа үлгідегі орындықтар, жарық бағаналары және балалар ойын алаңы да орналастырылған. Ы.Жақаев көшесінің Қорқыт ата көшесінен орталық алаңға дейінгі аралығы да толықтай абаттандырылады. 

Жоба аясында қала келбеті, орталықтағы негізгі көшенің бірінің бойы көріктене түспек. Осылайша күрделі жөндеу үшін көптен бері жабық болған алаң бүгін ел игілігіне табысталды. Бұл жоба кәсіпкердің демеушілігімен жүзеге асырылуда.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.