Ер адам үш баласы бар әйелге алданып "қалың мал" берген
Ақмола облысы Қосшы қаласында 28 жастағы ер адам әлеуметтік желіде танысқан қалыңдығына алданып қалған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Арызданушы былтыр тамызда қызбен әлеуметтік желілер арқылы танысқан. Жаңа танысы өзін Шымкент қаласының тумасы ретінде таныстырып, оның отбасы сол жерде тұратынын айтқан. Бірнеше кездесуден кейін қыз бен жігіт бірге тұрамыз деп шешіп, елордадан пәтер жалдаған.
Бір жарым ай бірге тұрған соң қыз жүктілік туралы хабарлаған. Қуанышты хабарды естіген жігіт қарым-қатынасты заңдастыру және үйлену тойына дайындықты бастап кеткен", - дейді департамент.
Ақша үнемдеу мақсатында қыз бен жігіт Астанадан Косшы қаласына көшіп, пәтер жалдап тұрған.
Кейін оның бұрын тұрмыс құрғаны және үш баласы бар екені анықталған. Алдаудың құрбаны болғанын түсінген ер адам полицияға арызбен жүгінген.
Қазіргі уақытта алаяқтық бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қыздың орналасқан жерін анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.







