Шетелдік көліктерді 200 мың теңгеге тіркейтін заң қабылданды

229
Сенат шетелдік көліктерді 200 мың теңгеге заңдастыру бойынша заң қабылдады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Заң бойынша Салық колексіне өзгеріс енгізіледі. Оған сәйкес, Қазақстанға 1 қыркүйекке дейін кірген шетелдік көліктерді бірыңғай алыммен тіркеп, заңдастыруға болады. Оның көлемі – 200 мың теңге.



2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген автомобильдерді заңдастыру мақсатында алғашқы тіркегені үшін бірыңғай алымды белгілеу 300 мыңға жуық автокөлікті есепке қоюға жағдай жасайды, сондай-ақ осы автомобильдер бойынша көлік құралдарына салынатын салық жергілікті бюджетті толықтырады, - деді сенатор Ғұмар Дүйсембаев сенаттың жалпы отырысында.


Айта кетейік, мемлекет басшысы ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін Қазақстанға әкелінген шетелдік автокөліктер заңдастыруға кіретінін айтқан болатын.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.