Павлодарда ауыл әкімі тұрғынмен соттасып, сотта жеңіліп қалды
Павлодарда Григорьевка ауылдық округінің әкімі ауыл тұрғынымен соттасты, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Григорьевка ауылының адамы әкім Виталий Бруцкий досына 18 гектар жер рәсімдеген деп әлеуметтік желілерде ақпарат таратқан. Бруцкий мұны жалған ақпарат және қорлау деп, ақпарат таратушыны сотқа берген. Ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау мақсатында моральдық зиян үшін 500 мың теңге өтемақы төлеуді талап етіп, сотқа талап арыз жазады.
Сот әкімнің талап-арызын қанағаттандырудан бас тартты. Сонымен қатар әкімге ауыл тұрғынының өкілді қызметтеріне жұмсаған шығысын төлеуге міндеттеді. Бруцкий әйелге 250 мың теңге төлеуге мәжбүр.
Судья Жанна Машанованың айтуынша, әлеуметтік желілердегі ақпарат шындыққа сәйкес келеді.
Әкім бір ай ішінде сот шешіміне шағымдана алады.