Ресейде қазақстандық вахташылар мінген автобус аударылып қалды

251
Ресейдің Челябинск облысында қазақстандық вахташылар мінген автобус аударылды, -деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Жол апаты жергілікті уақыт бойынша шамамен таңғы сағат 6-да Кунашак ауданы аумағында Екатеринбург қаласына баратын жолдың 85-ші шақырымында болған.

Алдын ала болжам бойынша жүргізуші жауған қардың кесірінен тізгінге ие бола алмай, көлік шұңқырға аударылған.


13 жолаушы Челябинск, Кунашак және Касли аудандарындағы медициналық мекемелерге жеткізілді.

Айта кетері, Қостанайдан Екатеринбургке бара жатқан автобуста барлығы 22 жолаушы болған.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.