Ғалымдар адамның коронавирус жұқтырғанын 30 минутта анықтайтын құрылғы ойлап тапты

556

Ресейлік ғалымдар 30 минуттан аз уақыт ішінде COVID-19 вирусының адам ағзасында бар-жоғын анықтайтын құрылғы ойлап тапқан, деп хабарлайды Stan.kz апарат агенттігі. 

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиянның мәліметінше,  Федералды биомедициналық агенттіктің мамандары SARS-CoV-2 мутациясын жылдам бақылаудың жолын тапты, яғни коронавирустың маңызды қасиеттеріне жауап беретін геномның тек бір бөлігін "оқуды" ұсынады.

COVID-19 вирусының экспресс-диагностикасын зерттеу "ЛЭТИ" Санкт-Петербург мемлекеттік электротехникалық университетінің микротехнология және диагностика инженерлік орталығында да жүргізілуде. Егер сынақтар сәтті өтсе, бұл Ресейдегі алғашқы тест жүйесі болады, ол патогенді небары 10 минут ішінде анықтай алады.

Сондай-ақ Чили Республикасының Үкіметі қытайлық Sinovac шығарған коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны 6 жастан асқан балаларға қолдануға рұқсат берді. Шешімді үш жастан 17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер тобын вакциналау қорытындысын зерттеген сарапшылар комиссиясы қабылдады. Сарапшылар жүргізілген зерттеулер вакцинадан иммундық реакцияның жақсы нәтижесін бергенін атап өтті.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.