Ер адам мешіттегі садақа жәшігінен ақша ұрлап жүрген

1 592

Aysor.amТүркістан облысында бірнеше мешітке ұрлыққа түскен жігіт анықталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Полицейлер криминалистикалық әдістердің көмегімен Келес және Сарыағаш аудандарындағы мешіттерге ұрлыққа түскен күдіктіні анықтады.


Күдікті Келес ауданының мешітіндегі садақа жәшігінен 60 мың теңгені, Сарыағаш ауданы мешіт имамының қызметтік бөлмесіндегі сейфте тұрған, яғни қайырымдылыққа жиналған 270 мың теңгені ұрлап кеткен.


Жедел уәкілдер күдіктінің орналасқан жерін анықтап, нәтижесінде Сарыағаш ауданы Тасқұдық ауылының тұрғынын ұстады.


Бүгінгі таңда жігіт қамауда, тергеу жалғасып жатыр.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.