Qazaq Air әуе компаниясы шетелге сатылды

1 361

Фото: Самұрық-ҚазынаҚазақстандық Qazaq Air әуе компаниясы шетелдік инвесторға сатылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Cамұрық-Қазынаның мәліметінше, компанияны сатып алу 81 млн АҚШ долларын құраған.


2024 жылғы 24 желтоқсанда «QAZAQ AIR» АҚ-ны 2023 жылдың соңына 81 миллиард АҚШ долларын құрайтын Қазақстанның «Самұрық-Қазына» АҚ ұлттық әл-ауқаттың егеменді қоры (Қор) және «Central Asia Aviation Holdings Limited» ЖК (Sovico Group JSC вьетнамдық конгломератының тобына кіреді) және «Kazasia Holdings Limited» ЖК құрамындағы консорциум арасында бәсекелес ортаға беру шеңберінде міндетті транзакциялық құжаттар пакетіне, оның ішінде сатып алу-сату шартына қол қойылды. Аталған шаралар Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысын іске асыру шеңберінде және Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2024 жылғы 20 желтоқсандағы және Қордың Директорлар кеңесінің 2024 жылғы 24 желтоқсандағы шешімдеріне толық сәйкес жүзеге асырылды. Сатып алу-сату шарты 2024 жылғы 27 желтоқсанда «QAZAQ AIR» акционерлік қоғамының акцияларын бәсекелес ортаға берудің кейбір мәселелері туралы» № 1130 Қазақстан Республикасы Үкіметінің жеке қаулысы қабылданғаннан кейін заңды күшіне енді. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше мәміле жабық болып есептеліп, акцияларды қос тарап келіскен барлық алдын-ала шарттарды орындаған кейін инвесторлардың меншігіне өтеді.