17 млн теңгені заңсыз иеленген балабақша анықталды

1 611

Фото: kubnews.ruСолтүстік Қазақстан облысының прокурорлары балабақшалардағы құқық бұзушылықтарды анықтады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Айыртау ауданында мектепке дейінгі мекемеде 11,2 млн теңге сомасында бюджет қаражатын ұрлау фактісі анықталып, оған қатысты аудандық қадағалау органы Қылмыстық кодекстің 189-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап, тергеу амалдары жүргізілуде.
Аққайың, Тайынша аудандарының бала-бақшаларында мемлекеттік тапсырыс туралы заң талаптарына қайшы, дәлелді себепсіз іс жүзінде бақшада болмаған балаларға қызмет көрсету үшін ақы төленген, соның салдарынан бюджеттен 17 миллион теңге көлемінде қаражат негізсіз төленді», - деп хабарлады прокуратура.


Облыстағы барлық дерлік балабақшада өрт және санитарлық қауіпсіздік саласындағы қолданыстағы заңнама талаптары жүйелі түрде бұзылған.


Прокурорлық қадағалау актілері бойынша 11 лауазымды тұлға тәртіптік және 32 әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 17 млн теңге сомасындағы бюджет қаражаты өтелді, бұзушылықтар жойылды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.