Қызылордада жол апатынан бір адам қаза тапты

1 636

Фото: Қызылорда облыстық Полиция департаментіҚызылорда облысында жол-көлік оқиғасынан бір адам қаза тауып, екі адам жарақат алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Оқиға Шиелі ауданына қарасты Майлытоғай ауылы тұсындағы «Самара-Шымкент» тас жолының бойында болған. «Toyota Alphard» автокөлігі жол бойында сиыр малына соққан.


«Жол-көлік оқиғасынан бір адам қаза тауып, екі адам жарақат алды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.