Полицейдің басынан соққы берген ер адам ұсталды

1 501

Фото:© Видеодан скринАлматыда шақырту бойынша келген полиция қызметкерлеріне ер адам шабуыл жасап, олардың біріне басынан соққы берген. Оқиға Әуезов ауданындағы «Өтеген» тұрғын үй кешенінде болған, - деп хабарлайды   Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, жалдамалы пәтерде тұратын жігіт пен қыздың арасында жанжал туындап, олардың айқай-шуы көршілерге кедергі келтірген. Шақырту бойынша келген полицейлер жанжалды тоқтатуға тырысқан. Алайда ер адам тәртіп сақшыларының заңды талабына бағынбай, оларға қарсылық көрсеткен.

Алматы қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Жанжалға қатысқан азаматтардың әрекеттеріне құқықтық баға берілмек.

Полиция қызметтік міндетін атқарып жүрген тәртіп сақшыларына күш көрсету қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.