Душанбеде жаңа туған баланы ауған батырының құрметіне Масуд деп атады
439
Тәжікстан астанасы Душанбеде жаңа туған баланы Ауғанстан батыры Ахмад Шах Масуд пен оны ұлының құрметіне Масуд деп атады деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.
Кішкентай Масуд 7 қыркүйекте Душанбедегі "Истиклол" медицина орталығында өмірге келген.
"Жұрттың бәрі Ауғанстан, Ахмад Масуд туралы айтып жүрген уақытта ұлым дүние есігін ашты. Ауғанстанда Ахмад Масуд жақтастарының жеңісінен соң бейбітшілік пен тыныштық орнасын деген ырыммен біз оны Масуд деп атадық", – дейді нәрестенің анасы Мавзуна Хайдарова.
Айта кетейік, "Панджшер арыстаны" атанған Ахмад Шах Масуд совет әскерлерімен, кейін тәліптермен күрескен. Ол 2001 жылғы 9 қыркүйекте "Әл Каида" ұйымдастырған шабуыл кезінде қаза тапты.
Әйгілі дала командирін өлтіріп кеткен уақытта оның ұлы Ахмад Масуд 12 жаста еді.
Қазір ол Панджшер шатқалында тәліптерге қарсы майданды басқаруда.
Ахмад Масуд тәліптермен соңына дейін соғысатынын мәлімдеді. Оның әкесі тәліптерді "ислам фашистері" деп атаған еді.
Еске сала кетсек, 15 тамызда "Талибан" радикал қозғалысының содырлары Кабулға кіріп, Ауғанстанды толықтай бақылауға алғанын жариялады. Бір аптадан соң, олар Ахмад Масудтан бақылауына өтпеген соңғы провинция Панджшерді беруін талап етті Ол талапты орындаудан бас тартты. Шатқалда ұрыс басталды. 6 қыркүйекте тәліптер провинцияны бақылауға алғанын мәлімдеді. Алайда Ұлттық қарсылық майданындағылар "Талибанмен" ұрысты доғармағанын хабарлады.