Досымен бәстескен: Eр адам сұлулық салонының терезесін сындырды

1 509

Фото: Opennews.kz ЖИАлматы тұрғыны Пушкин көшесінде орналасқан сұлулық салонының әйнек витринасын сындырып, ішке кірген. Полиция қызметкерлері ұстаған кезде ол досымен бәстескенін, осылайша салонға кіре алатынын дәлелдегісі келгенін айтқан, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға түнгі сағат төрттер шамасында Медеу ауданында болған. Оқиғаның куәгерлері «102» нөміріне хабарласып, сұлулық салонына біреудің кіріп кеткенін айтқан.

«Буран-617» патрульдік экипажы күдіктіні оқиға орнында ұстады. Полицияның мәліметінше, ер адам мас болған.

«Ұсталған адам полицияға жеткізілді. Оқиғаға қатысты тексеру жүргізіліп, оның әрекетіне құқықтық баға беріледі», – деп мәлімдеді департамент.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.