ЖАС САРБАЗҒА ІІ ДӘРЕЖЕЛІ «АЙБЫН» ОРДЕНІ ТАБЫСТАЛДЫ

216
Жас сарбазға ІІ дәрежелі «АЙБЫН» ордені табысталды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін жауынгерлік қызметін орындау кезінде адалдық танытып, жеке құрамды ұйымшылдықпен басқарып, қылмыскерлерді ұстау барысында қырағылық көрсеткен № 5547 әскери бөлімінің жасақ командирі, майор Мұхит Аманбаевқа ҚР Президенті Жарлығына сәйкес ІІ дәрежелі «Айбын» ордені табысталды. "Айбын" орденімен  Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрамаларының әскери қызметшілері, сондай-ақ прокуратура, ұлттық қayincіздік, ішкі істер органдарының және басқаларының қызметкерлері жауынгерлік даярлықта, әскерлердің жоғары жауынгерлік дайындық деңгейін ұстауда, заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде қол жеткізген табыстары үшін; әскери және қызмет бабындағы парызын өтеудегі көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы, сондай-ақ мемлекет мүддесін қорғауда жасаған ерлігі үшін марапатталады. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жас сарбазға құрмет көрсетіп, жанқиярлық көрсеткені үшін аймақ жұртының атынан ілтипатын білдірді.

 
"Бұл – жауынгерлік әзірлікте, әскерлерді жоғары жауынгерлік даярлықта ұстауда, әскери және қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы, сондай-ақ, мемлекет мүддесін қорғау кезінде жасаған ерлігі үшін берілетін марапат", - деді аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев .
Сондай-ақ, облыс әкімі батырдың әкесі Қайрат Төлебекұлы мен анасы Бақытгүл Әкімбайқызына отаншыл, патриот азаматты тәрбиелеп өсіргендері үшін алғыс айтты. 
©Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі