Ұлттық кітапхананың заңгері есептен шыққан көліктерді алаяқтық жолмен алып бермек болған
650

Бұл туралы елордалық соттың баспасөз қызметі мәлім етті.
2023 жылғы 26 қаңтарда Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық соты алаяқтық фактісі бойынша М.-ға қатысты айыптау үкімін шығарды. Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-тармағының 4-тармақшасында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығынан айырылды, - делінген сот қаулысында.
Соттың мәліметінше, Ұлттық кітапхананың заңгері жәбірленушілерге нарықтан төмен құны бойынша есептен шығарылған автомобильдерді сатып алуға көмектесетінін және "Самұрық-Қазынаға" ақыға жұмысқа орналасуға жәрдемдесе алатынын айтқан.
Келтірілген шығын көлемі – 3,3 млн теңге.
Бұрынғы заңгер өз кінәсін мойындап, келтірілген залалды өтеуге уәде берген.