«Туысыңмын» деген хабарлама: WhatsApp алаяқтары 5 млн теңге жымқырды

1 511

Фото: Оpennews.kz ЖИБатыс Қазақстан облысында WhatsApp мессенджері арқылы алаяқтық жасаған үш адамға қатысты сот үкімі шықты,  - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

БҚО прокуратурасының мәліметінше, 2025 жылдың шілдесінде үш адам WhatsApp қолданушыларының ақшасын алаяқтық жолмен иемденді деген күдікке ілінген. 

Алаяқтар қазақстандықтармен хат алмасып, өздерін олардың туыстары ретінде таныстырған. Түрлі сылтаулармен ақша аударуды сұраған. 

Алаяқтық схемаға дроппер белсенді қатысты, оның банк шоты арқылы шамамен 5 миллион теңге көлемінде ақша қаражаты шығарылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында олардың интернет-алаяқтықтың 15 эпизодына қатыстылығы анықталды, делінген прокуратура хабарламасында. 

Жәбірленушілер қатарында Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарының, Жетісу облысының және Алматы қаласының тұрғындары бар. 

Сот үш айыпталушыны да алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Биыл маусым айында олардың екеуі 3 жылдан 4 жыл 1 айға дейін бас бостандығынан айырылды. Ал үшінші адамға 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. 

Сонымен қатар сот жәбірленушілердің азаматтық талап-арыздарын толық қанағаттандырды. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.