Жамбыл облысындағы жарылыстар: қаза тапқандар саны 9-ға жетті

632
Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза болғандардың саны 9-ға жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ-ге сілтеме жасап. 

"Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі жарылыс салдарынан соңғы мәліметтер бойынша барлығы 9 адам, оның ішінде ҚР ТЖМ, әскери бөлімнің, әскерилендірілген күзет пен әскери прокуратура қызметкерлері қаза тапты. Олардың жеке басы анықталып жатыр. Табылмай жатқан 2 адам туралы деректер анықталып жатыр", - делінген жедел штаб мәлімдемесінде
Алдын ала ақпарат бойынша, ауруханаға ТЖД-ның 49 қызметкері түскен.

Оқиға орнында министр бастаған ТЖМ жедел тобы жұмыс істеп жатыр. ҚР ТЖМ ДЖБО-да және өрт орнында КШМ базасында өрт сөндіру штабы құрылды, Жамбыл облысы ТЖД-де жедел штаб жұмыс істейді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.