Ақылы жолдар сыр берді
391
Қазақстандағы ақылы жолдар сыр бере бастады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде «Батыс-Қытай мен Батыс-Еуропа» автомагистралі, оның ішінде Түркістан-Шымкент бағытындағы жолдардың сапасыздығы мен қауіптілігі жайында жазылуда. Расында, тәуліктің тең жартысын тас жолда өткізетін жүргізушілер ақылы жолдардың атына сай болғанын қалайды. Айтуларынша, біздегі ақы алынатын жолдардың сапасы сын көтермейді. Осының салдарынан ауыр жүк көліктерінің өзі істен шығып қалып жатады. Оның үстіне, жол бойындағы сервис ақсап тұр. Жүргізушілерге лайықты жағдай да жасалмаған. «Ендеше, біз несіне ақы төлеуіміз керек?!» дейді олар.
Күннің қатты ыстығынан бетондар көтеріліп, асфальт қақ жарылған. Осының салдарынан жоғары жылдамдықпен жүйткіген көліктер соқтығысуда. Ал, ақылы жолдардың сапасыздығынан жапа шеккен жүргізушілер наразылық білдіруде.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы мамандарының айтуынша, ақылы жолдар – әлемдік тәжірибе. Бұдан бөлек, біздің жолдарды Қазақстан аумағы арқылы қатынайтын үшінші елдердің он мыңдаған транзиттік жүк машиналары тоздырады. Біздің тасымалдаушылар да шет елдердің аумағы арқылы жүріп өткенде барлық алымдарды төлейді-міс.
Ал, көрші елдерде ақылы жүйе ұзақ жылдар бойы жұмыс істеп келеді. Бұларда тарифтік мөлшерлеме Қазақстанмен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Мысалға, Ресейде жүк машиналары 1 шақырым үшін 22 теңге төлесе, Италия мен Германияда орташа есеппен 70 теңге, Беларусь мемлекетінде 80 теңгені құрайды екен. Алайда, жүргізушілердің айтуынша шетелдегі ақылы жолдарда біздің елдегідей кемшіліктердің жоқ екендігін атап өтті. Ал, Қазақстандағы жағдай қандай?
Біздің елде жеңіл автокөліктер үшін 1 шақырым – 1 теңге. Автобустар үшін төлемақы мөлшері орын санына байланысты бір шақырымға 5 теңгеден 15 теңгеге дейінгі соманы құрайды Жүк көтерімділігіне байланысты жүк көліктері үшін бір шақырымның бағасы 5 теңгеден 25 теңгеге дейінгі соманы құрайды.
Сонымен қатар, Павлодар – Астана тас жолында жолда қалған жүргізушілердің бірі көліктердің бірінен соң бірі қатты жылдамдықпен жүріп келе жатып, сапасыз жолдың кесірінен апатты жастықшалардың іске қосылғандығын айтып наразылық білдіруде.
Осы орайда, жүргізушілер үшін жол бойындағы сервистің заманға сай болғаны маңызды. Бір қызығы, қолданыстағы нысандардың көпшілігі Ұлттық стандарт талаптары бекітілгенге дейін салынған. Біле білсек, республикалық және халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстауды "Қазақавтожол" ЖШС жүзеге асырады. Осы компания конкурстық негізде 2022 жылға дейін кейіннен жекешелендіру арқылы сенімгерлік басқаруға берілген. Автомобиль жолдарының ақылы учаскелерінде ұстау тек ақылы учаске бойынша жүріп өту үшін жиналған төлем қаражатынан ғана жүзеге асырылады.

«Соңғы уақытта алыс жолға қатынайтын жүргізушілердің еңбекақысы қысқарды. Есесіне ақылы жолдар көбейе бастады. Мәселен, Нұр-Сұлтаннан Алматыға барып-келгенім үшін маған 150 мың теңге төлейді. Бұл соманы екі есе арттыру керек. Өйткені дизельдің өзіне жоқ дегенде 300 мың теңге жұмсалады. Бұған қосымша бөлшектердің бағасын қосыңыз. Ал сапасыз жолда көлік сынбай тұрмайды. Бір дөңгелек жарылса болды, шығынға ұшырағаным. Ал ақылы жолдар күннің ыстығына шыдамай көтеріліп жатыр, оны қадағалайтын ешкім жоқ па?»– дейді шымкенттік жүргізуші Дадажан Атаметов.
Күннің қатты ыстығынан бетондар көтеріліп, асфальт қақ жарылған. Осының салдарынан жоғары жылдамдықпен жүйткіген көліктер соқтығысуда. Ал, ақылы жолдардың сапасыздығынан жапа шеккен жүргізушілер наразылық білдіруде.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы мамандарының айтуынша, ақылы жолдар – әлемдік тәжірибе. Бұдан бөлек, біздің жолдарды Қазақстан аумағы арқылы қатынайтын үшінші елдердің он мыңдаған транзиттік жүк машиналары тоздырады. Біздің тасымалдаушылар да шет елдердің аумағы арқылы жүріп өткенде барлық алымдарды төлейді-міс.
Ал, көрші елдерде ақылы жүйе ұзақ жылдар бойы жұмыс істеп келеді. Бұларда тарифтік мөлшерлеме Қазақстанмен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Мысалға, Ресейде жүк машиналары 1 шақырым үшін 22 теңге төлесе, Италия мен Германияда орташа есеппен 70 теңге, Беларусь мемлекетінде 80 теңгені құрайды екен. Алайда, жүргізушілердің айтуынша шетелдегі ақылы жолдарда біздің елдегідей кемшіліктердің жоқ екендігін атап өтті. Ал, Қазақстандағы жағдай қандай?
Біздің елде жеңіл автокөліктер үшін 1 шақырым – 1 теңге. Автобустар үшін төлемақы мөлшері орын санына байланысты бір шақырымға 5 теңгеден 15 теңгеге дейінгі соманы құрайды Жүк көтерімділігіне байланысты жүк көліктері үшін бір шақырымның бағасы 5 теңгеден 25 теңгеге дейінгі соманы құрайды.
«Ақысы уақытылы алынуда ғой. Сондықтан жолдың да сапалы болғанын қалаймыз. Түн ішінде қатты жылдамдықпен жүргізетін жандар байқамай қалуы мүмкін. Орын алған олқылықты жөндеп қалып келтіріп, нормативке сай етіп жасаса жақсы болар еді.»,-дейді жүргізуші Ескендір Алпамыс.