Қаңтар оқиғасы кезінде "қару ұрлаған" алматылық 6 жылға сотталды
371
Алматы қаласының Алмалы аудандық соты Қаңтар оқиғасы кезінде "қару-жарақ ұрлады" деген күдікке ілінген Әлібек Иманбековты алты жылға бас бостандығынан айырды, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі "Азаттыққа" сілтеме жасап.
Оған Қылмыстық кодекстің "Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын жымқыру не қорқытып алу" деп аталатын 291-бабы бойынша айып тағылған.
Сотқа он шақты белсенді мен БАҚ өкілдері қатысты.
Әлібек Иманбековтың адвокаты Гүлнар Жуаспаева "сот шешіміне келіспейтінін, міндетті түрде шағым түсіретінін" айтты.
Әлібек Иманбековтің үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша сот процесі 26 мамырда басталған.
Прокуратураның айыптау материалында "Әлібек Иманбеков және тергеуде анықталмаған "Бағлан" есімді тұлғамен бірге өздерінің өмірлерін ешбір мақсатсыз өткізіп жүрген, жеңіл жолмен өздерінің материалдық жағдайын жақсарту мақсатында Қазақстан президентінің жарлығымен қаңтардың бесінен бастап Қазақстан аумағында төтенше жағдай жарияланғанына қарамастан ұрлық жасауға бағытталған қылмыстық ойлары туындап, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен қару-жарақ сататын "Қорған-ЦЕНТР" дүкеніне заңсыз кіру арқылы атыс қаруын жасырын жымқыруға бел буған" деп жазылған.
Әлібек Иманбековке екі қару ұрлады деп айып таққан.
Әлібек Иманбеков бұл айыппен келіспеген. "Тергеу кезінде қысым жасалды, құжатқа ұрып-соғып қол қойдырды" деген болатын.
Айыптау актісінде "қару – атуға жарамды" деп жазылған. Алайда қару-жарақ дүкенінің иесі Дмитрий Николенко сот процесі кезінде "қару-жарақты ешкім қолдана алмайтындай етіп қойғанбыз. Оқ атылмау үшін қару ұңғымаларына арнайы қыстырмалар қойылған. Криминалистер сол қыстырманы біраз күш салып алып тастаған да атуға жарамды деп жазып берген" деген болатын.
Адвокат Гүлнар Жуаспаеваның "баллистикалық сараптама жасау жөніндегі өтініше прокурор қарсылық білдірген. Адвокат Гүлнар Жуаспаева мен айыпталушының әйелі, әрі қоғамдық қорғаушысы Баян Шырымбекова "істе шикілік көп" деген. Олар Әлібек Иманбековке тағылған Қылмыстық кодекстің 291 бабын Қылмыстық кодекстің 287-бабына ауыстыруды сұраған. Қылмыстық кодекстің 287 бабы "Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау және алып жүру" деп аталады.

1989 жылы туған Әлібек Иманбеков журналистерге "қылмыс жасамағанын, әділетсіз үкім шыққанын" айтты.
Ол бұған дейін, соттағы соңғы сөзінде "тергеу кезінде қысым жасалды, қаруды алғаным рас, бірақ оны ұрлағаным жоқ, сол күндері 102-ге хабарласқанымда телефонды көтермеді, дүрбелең басылған соң қайтару ойымда болған, мен бұл әрекетімді қылмыс деп ойламаймын, екі балам мен 3-ші топ мүгедектігі бар әйелім мен зейнет жасындағы ата-анамның жалғыз асыраушысы болғандықтан отбасымнан айыратын жаза бермесеңіз екен" деген еді.

Сот шешімін түсіндірген судья Қайрат Иманқұлов "Әлібек Иманбеков тергеу кезінде қысым жасалды" деу арқылы өзін ақтап алғысы келді. Оның қару-жарақ ұрлағаны дәлелденді" деді.