«ҚазМұнайГаз» 2024 жылы 8,3 трлн теңге табыс көрген

2 142

Фото: Виктор ФедюнинКомпанияның 2024 жылғы табысы 8 330 млрд теңге (17 750 млн АҚШ доллары) болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 0,1% жоғары. Табыстың тұрақтылығы бірқатар факторға, соның ішінде мұнай өндіру мен тасымалдау көлемінің өсуіне байланысты.

"Бұл шикі газды айдау компрессорларындағы жөндеу жұмыстары мен шлюз ұстағышты ауыстыру есебінен Қашағандағы шикі мұнайды сату көлемінің төмендеуінің және Petromidia мұнай өңдеу зауытындағы күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты KMG International-ға мұнай өнімдерін сату көлемінің төмендеуінің кері әсерін өтеді, — деп жазылған есепте.

Сонымен, ұлттық компанияның былтырғы табысы 2023 жылға көрсеткіштен 20 млрд доллар көп болып отыр.

Ал салық пен борыш міндеттемелерін алып тастағандағы таза табыс 1 трлн 94 млрд теңге (2 трлн 332 млн доллар) болған. 2023 жылғы таза табыс көлемі 927 млрд теңге еді.

Компанияның мойнындағы жалпы борыш көлемі 3 трлн 967 млрд теңге (7 млрд 555 млн доллар) деп көрсетілген. Бұл 2023 жылдың 31 желтоқсанындағы көрсеткіштен 210 млрд теңге көп. Оның ішінде таза қарыз 1 трлн 163 млрд теңге (2 млрд 214 млн доллар) болған. (2023 жылы таза қарыз көлемі 1 трлн 645 млрд теңге еді).