Атырау облысы жылу маусымының дайындығына 3 млрд теңге жұмсаған

414
Жылу маусымының  дайындығына 3 млрд теңге жұмсалды- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі


Атырау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ерлан Назаров айтуынша, биыл жылу беру маусымына дайындыққа 3 млрд теңге қаражат бөлінген. Оның ішінде жергілікті бюджеттен 1 млрд теңге бөлінсе, кәсіпорындардың есебінен 2 млрд теңге қаржы жұмсалған.


"15,6 шақырым жылу, 1,4 шақырым су және су бұру, 696,7 шақырым электр желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар , облыста жылу беру маусымы қарсаңында 412 білім беру, 147 денсаулық сақтау нысаны толықтай сынақтан өтті. Ал, көпқабатты 1776 тұрғын үй дайындығы тексерілді. Оның ішінде 1751 тұрғын үй сынақтан өткізілді" - дейді ол.

1 қазаннан бастап әлеуметтік сала нысандарына жылу берілген. Қазір 405 білім беру, 80 медицина нысанында жылу бар. Ал, көпқабатты тұрғын үйлерге жылу 15 қазанда беріледі.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.