Қытай ұйғыр мәселесін Орта Азияға қарсы пайдалана ма?
Соңғы кездері Ұйғыр ауданындағы жиі қайталанған оқиғалар жалпы ұйғыр мәселесіне жұрт назарын қайта аудартуда, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
Негізгі атауы - «Шығыс Түркістан». Қазір Қытай өкіметі саяси наразылық себептерінен «Шығыс Түркістан» деген атау қолдануына тыйым салынған. Бұрын тарихнамаларында «Батыс өлкелер» делініп келген бұл тұсқа Шыңжаң (Жаңа аумақ) деген берілген болатын.
2021 жылғы жағдай бойынша Шыңжаң Ұйғыр автономиялық аудан халқы саны 25 870 000 адамды құрады. Шыңжаңда 47 ұлт өкілдері тұрады, олардың ішіндегі ең көпшілігі - ұйғырлар, қытайлар, қазақтар, хуэй халқы (дүнгендер), моңғолдар, ойраттар, қырғыздар, сібе, тәжіктер, өзбектер, маньчжурлар, татарлар және орыстар.
Стратегиялық маңызы бар шекаралық аудандарда бұндай оқиғалардың қайталана беруі, оның үстіне соңғы жылдардағы Орталық Азияның қауіпсіздігі, Орталық Азия-Қытай қатынасына қатысты түйткілді мәселелер осы тақырыпқа ел назарын қайта аударуда. Шиеленісе түскен державалар арасындағы қайшылық Орталық Азия елдеріне жаңа сынақтарды алып келуде.
Қытайдың бір Құлжа-Қорғас арқылы жасайтын экономикалық ықпалдастық әлеуеті Қазақстанның Алматы облысы мен Шығыс Қазақстаның облысын шырқ үйіретіндей деңгейде, ары қарайғысын ойлана беріңіз. Ондай болса Қытайдың Құлжа-Қорғаспен іргелес Шонжы, Шелек, Жаркент аумағында орналасқан ұйғырларда қарап қалмасы анық.
Алдағы он жылда дұңғандар мен ұйғырлар парламенттегі орыстардың орнын басып жатса немесе мемлекеттің ең маңызды орындарында бой көрсетіп жатса, тіпті одан да қызығы Қазақстандағы жер байлығын Қытай қаржысымен өз атында сатып алып жатса еш таңғалмаспыз.
Бүгінде Қытай халқының бақылауында отырған азаматтар бас көтеріп, заң талаптарына қарсылық білдіруде. Десек те, қарсылық танытушылардың тағдыры қыл үстінде. Тіпті, отбасылық қысым тартуы да ғажап емес.
2017 жылдан бастап Шыңжаңда тұратын байырғы ұлт өкілдері қысымға ұшырай бастаған, олардың арасында қазақтар мен қырғыздар да бар. Қытай билігі мұсылмандарды жаппай ұстап, жергілікті жұрт "саяси тәрбиелеу лагері" деп атаған жерге қамап, қытай тілін үйренуге, Компартияның ұрандарын жаттауға мәжбүрлеген. Мұсылман дінін ұстанатын адамдар ұзақ жылға сотталған.
АҚШ пен Батыс елдері Қытайдың Шыңжаңдағы аз ұлт өкілдерін қудалауын қатаң айыптап, кейбір компаниялар мен шенеуніктерге санкция салған. Ал Пекин Шыңжаңның байырғы ұлт өкілдерін қудалап отырғанын жоққа шығарады және қамау орындарын "саяси қайта тәрбиелеу және кәсіпке баулу орталығы" деп атайды. Қытай билігінің айтуынша, олар осы арқылы аймақтағы радикализммен және терроризммен күресіп жатыр.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2022 жылдың 1 қаңтары мен 1 мамыр аралығында Қазақстанға өзге елдерден 4502 қазақ оралып, қандас мәртебесін алған, 400-ден астамы Қытайдан келген. 1991 жылдан бері шетте жүрген 1 миллион 92,4 мың қазақ тарихи отанына оралған.