49 жастағы ер адам кішкентай қызды зорлады деген күдікке ілінді

1 553

Алматы облысында кішкентай қызды зорлады деген күдікпен 49 жастағы ер адам ұсталды.-  деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


1 қарашада Жамбыл ауданының полициясына Ақсеңгір ауылының 44 жастағы жергілікті тұрғыны арыз жазған. Оның айтуынша, қазан айында белгісіз ер адам қызын зорлаған.


"Бұл факт аудандық полицияда қылмыстық кодекстің 121-бабы, 4-бөлігі “Кәмелетке толмаған балаға қатысты жасалған сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері” бойынша тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері 49 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Соттың санкциясымен ол сотқа дейінгі тергеу жүргізу кезінде екі ай мерзімге қамауға алынды", – деді Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов.


Оның айтуынша, қазіргі уақытта қылмысты тергеуде толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету үшін сараптамалық тексерулер тағайындаумен барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.


ҚК 121-бабының 4-бөлігінің санкциясы белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 20 жыл мерзімге не өмір бойына бас бостандығынан айыруды көздейді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.