Қызылордада полиция киімін киген қоқыс тазалаушыға айыппұл салынды

501
"Қызылорда тазалығы" ЖШС-нің жұмыскеріне 5 АЕК айыппұл салынды, оған қатысты іс сотқа жіберілді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерінің полиция қызметкерінің арнайы киімінде жұмыс істеп жатқаны туралы видео тарады. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері бұл видеоға назар аударып, оны іздей бастады.

"Видео бойынша учаскелік полицейлер іздестіру шараларын өткізді. Нәтижесінде, Қызылорда қаласының 24 жастағы тұрғыны Полиция басқармасына жеткізілді", - делі Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі өкілі.

Оған қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 675-бабы 1-тармағы ("Әскери киім, сондай-ақ, айырым белгілері және нышандары бар киімді, арнайы киім-кешекті заңсыз киіп жүру") бойынша хаттама толтырылды.

"Іс сотқа жіберіледі", - деп толықтырды полиция қызметкері.

ТКШ қызметкерінің айтуынша, арнайы киім үйінде бұрыннан болған, сөйтіп, киюге шешім қабылдаған.

"Мен полиция қызметкері емеспін, оны жұмыста киюге болмайтынын білмедім. Бұл қайталанбайды. Кешірім сұраймын", - деді ол видеода.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.