ҚЫЗЫЛОРДАДА МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ АЙЫБЫН ЖАСЫРУ ҮШІН АҚША ҰСЫНҒАН

3 960

Жалағаш ауданына қарасты Жаңадария ауылында орналасқан №203 мектеп директоры заңсыздыққа жол берген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Соңғы уақытта Қызылорда облысындағы білім мекемелерінде адам шошырлық былықтар көбейді. Ұрпақ тәрбиелеу ісінде ұлағатты ұстаздық жолында қызмет етіп жүрген жандар да баршылық. Алайда «Балық басынан шіриді» дегеннің кейпін киіп жүрген жағдайлар жетерлік. Жасыратыны жоқ «Жаңа Қазақстан» құруда ескі әдеттен арыла алмаған қолына билік тисе мұрын шүйіретін басшылардың ерсі әрекеттері көңіл көншітпейді.


ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ОҚУШЫ: «МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНАН ҚОРҚАМЫН...» атты мақаламызда жарияланғандай мектеп басшысы тарапынан таяқ жеген 5-сынып оқушысы қоштасу хатын жазған. 



 Жаратқаннан жәрдем сұраған оқушының хатында:

«Құдай, сен бар болсаң директор ағайдан  құтқар! Мен мектептен шошып, қорқып қалдым. Мектепке барғым келмейді, директор ағайдан қорқамын! Мен өмір сүргім келмейді. Сол күні барлық балаларда екінші аяқ киім болмады. Неге мені ғана көріп қалды. Директор ағайға мен не істедім? Басымнан бомба жарылғандай болды. Анашым мені басқа мектепке ауыстыршы, болмаса мен өлемін...»,- делінген қол хат қалдырған оқушы Рухнадин. 


Ауыл мектебінің директоры өз қызметін асыра сілтеушілікпен пайдаланғаны рас па? Баланы ұруына не себеп? Өзін кінәсіз сезінген мектеп басшысы неліктен ата-ананың кешірім беруіне 300 000 теңге  ұсынған?


«Мектеп директоры кешқұрым жұмыстан үйіме шақыртып алды.  «Мәмілеге келу үшін алдыңызға келдім. Осындай жағдайда мәселе болып жатыр. Сосын әлі де сөйлесеміз ғой. Мынаны алып, Жаңагүл ашсай келісейік»,- деді.

 Содан парақтың ішіннен ақша шығарды. »,- деді әкесі Өмірзақ. 



Басы дауға қалған мектеп басшысы ата-ананың істі жабуы үшін қомақты қаражат талап еткенін алға тартты. Бес жылға жуық уақыт басшылық қызметін басқарған Ерлан Қосымұлы Мектеп қабырғасында баланы ұрмақ түгілі саусағымның ұшын тигізбеймін деген 

«Менде құзырлы органның шешімі бар. Мен бәрін заң аясында қарастырып жатырмын. Сотқа беретін ойым болмады, мені айыптап ар-намысыма тіл  тигізген болатын. Мені үйіне кешкісін шақыртып, әдейі ұйымдастырған. Өзінің менен ақша сұрағаны,  миллион, бес жүз мың, үш жүз мың сұрағаны  неге айтылмайды? Мен өз көлігімді пайдаланып, қоқыс төккенімді темір солярка ұрлады деп айыптауда. Оның үстіне қызметкерлеріме егін ектірген емеспін. Баланы аяғы лай болғаны үшін сыртқа шығып тазалап кел деп жібергенім рас.  Ауылда  жұмыс талап етушілер көп. Енді арызданушыныі қызын  технолог мамандығы бойынша  арнайы заң шеңберінде жұмысқа аламын. Оның үстіне ол маман бізде жоқ. Ортақ мәмілеге келмей, тек шағым жасау дұрыс емес. Ештеңе жегенім жоқ, ұрғаным жоқ»,- деген №203 мектеп директоры Ерлан  Жүсіпбеков.


Балаға қол көтерген мектеп басшысы  қызметкерлерді де өз мүддесі үшін жұмсайтындығы да жасырын емес. Мектеп директорынан қорыққан қызметкерлер амалдың жоқтығынан қызмет жасайтындығын да атап өтті.


«Бізді картоп тазарттырады. Картоп тазалап береміз. Басқа қызметкерлер үйін тазалап, қызмет көрсетеді. Енді жұмыс жасамасақ ұрысады. Бас тартқанымызда  талай сөз естідік.»,- деді кіші қызметкер Мейрамкүл.



Мектеп басшысы маусымдықта егін егіп, қызметкерлерін жұмсауына не себеп? Алайда бір емес бірнеше арыз-шағым жазылса да жылы қабақ танытатын Жалағаш аудандық білім бөлімі неге шара көрмеген?


«2023 жылдың мамыр айының басында Жаңадария ауылының тұрғыны №203 мектеп директорының үстінен Жалағаш АПб-не оқушыға қол көтергендігі жөнінде арызданған. Аталмыш арыз бойынша полиция инспекторымен сараптама тағайындалып, қорытындысында баланың денесінде қандай да бір дене жарақаты жоқ екені анықталып, ӘҚБтК-де көзделген әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттің анықталмауына байланысты материал номенклатуралық базаға жолданған.


Алайда аталмыш жағдайға байланысты мектеп директорына өзіне жүктелген міндеттерін тиісті деңгейде атқармай, ұжымдағы психологиялық ахуалды ушықтырғаны үшін білім бөлімінің бұйрығымен сөгіс түріндегі тәртіптік шара қолданылған.


Бүгінгі таңда аталмыш білім ордасындағы жағдай мен ахуал облыстық білім басқармасының тікелей бақылауында. Сондай-ақ, бүгінде мектеп директорына сыбайлас-жемқорлыққа және т.б аталған фактілерге қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп, тиісті нақты шешім қабылданады және құзырлы органдарға жолданатындығын жеткіземіз.»,  - Жалағаш аудандық білім бөлімі.


Баласына қол көтерген мектеп басшысы  лауазымынан босатылсын деген әкенің басты талабы.


Ең сорақысы,  Шиелі ауданындағы «Кәсіптік колледж» қызметкерлері де Жаңадарияның жағдайын кешіп жүрміз деп «Көреміз»-ден көмек сұрауда. Ал, қарамағындағы білім ошақтарындағы былықтарды осындай дәрежеге жеткізген басқарма басшысы Шермағанбетов неге үнсіз?